Тастамашы АНА!
Тастамашы АНА!

Ассалаумағалейкум! Мұнда бас сұқпағалы 5 жылдай уақыт болыпты. Ин ша АЛЛА алдағы уақытта жиі кіріп тұруға ниеттенудемін.

Ана - деген әрқашан жүрекке жылы, құлаққа жағымды естілетін тұлға! "Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды!"-дейміз! Біз қашанда анамызға арқа сүйейміз, еркелейміз! Біз қандай Бақытты жанбыз! Анасыз өмірді көзімізге елестетуге де қорқамыз...Кейде біз барды бағалай алмай жатамыз. Ата-анамыздың, бауырларымыздың, туған-туыстарымыздың, достарымыздың, жылы ұямыздың да қадірін білмей, жалықтым дейтініміз бар. Сондай өзінен -өзі депрессияға түскен адамдарға мен осы "Тастамашы АНА" кітабын оқыса бәрі басқаша болар еді дер едім. 
⠀Башқұртстанның жас жазушысы Айгиз Баймухамедов @aigiz.baimukhametov ағамыздың осы кітабы жүрегімде мәңгілік сақталып қалды! Алла адамды әр түрлі сынақпен сынайды.  Жастай ата-анасынан ерте айырылып, бір үйдің 4 баласы, әкелерінің жаназасын өткізе сала "Жетімдер үйіне " аттанып, қатал тағдырдың сынағына түседі. Әке қазасының орны жазылмай жатып, мейірімсіз, әділетсіз, қатыгез ортада өмірлері жалғасты...Жетімдер үйінде Ілиястың (ол автордың өзі) көрген қиындықтары (жалаң аяқ мұздың үстінен жүгіргені, қанша соққының астында қалғаны, Тісі ауырып жұлдыртуға барам деп қайтарда адасып суықта үсіп қала жаздап, қасқырдың дауысын естіп есі кеткен кездері, мектеп бітірер кезде тәрбиешісінің жалған айып таққаны, әрдайым жерге тыға кеміткен сөздер т.б) көзден жас емес қан ағызады....

Нұрсәуле ӘлімжанНұрсәуле Әлімжан
12 ай бұрын 1949
4 пікір
  • Жетімдер үйінде Ілиястың (ол автордың өзі) көрген қиындықтары (жалаң аяқ мұздың үстінен жүгіргені, қанша соққының астында қалғаны, Тісі ауырып жұлдыртуға барам деп қайтарда адасып суықта үсіп қала жаздап, қасқырдың дауысын естіп есі кеткен кездері, мектеп бітірер кезде тәрбиешісінің жалған айып таққаны, әрдайым жерге тыға кеміткен сөздер т.б) көзден жас емес қан ағызады....
    12 ай бұрын
  • мұнда текст мөлшері шектеулі болып қалған ба
    әңгімемнің соңі салынбай жатқаны
    12 ай бұрын
  • 12 ай бұрын
  • 12 ай бұрын
Блог туралы