Менің əкем кім???
Менің əкем кім???
 
 
Биыл Арайдың жасы 4-ке келді. Анасы мен əкесінің ажырасып кеткенін білсе де əкесін іздеумен жүреді. Анасы болмашы нəрсе үшін Арай туылмай тұрып күйеуінен кетіп қалады. Күйеуі артынан қанша іздеп, қайтаруға тырысса да бірбеткей  келіншек қайтпай қояды. Оған себеп анасының "Ішіме сыйған қыз сыртыма да сияды" деген тəрбиесі. Міне 4-жыл болды. Кішкентай Арай көршілерінен өзінің əкесі жайлы сұрауды жиілетті. Нағашы атасы Асан  немересінің бетін қақпай, əке орнын жоқтатпай өсіруде. Алайда атасын "əке" деп атамайтынын білетін Арай атасының əкесі емес екенін білетін...
Бүгін таңертең Роза апай көшедегі талдарға су құюға шықты. Көшеде кішкентай Арай ойнап жүр екен. Роза апайды көріп бірден амандаса жүгіріп келді. Өзі сондай сүйкімді кішкентай Арайды Роза апай құшағына алып, бетінен сүйіп еркелетіп отырғаны сол еді, Арай үлкен адамдарша Роза апайға қарап: 
- Əпке, сізден бірнəрсе сұрасам бола ма? - деді.
 Роза апай əрине деді.
 Арай қабағын түйе: 
- Тек шыныңызды айтуға уəде беріңізші? деді. 
Роза апай: - Əрине ботақаным сол,  сұрағыңды қоя ғой! деді.
Арай: - Менің əкем кім? 
Роза апай күлімсіреген күйі Асан ғой деді.
Арай: - Маған бəрі солай дейді,  бірақ менің мамам да оны əке деп атайды ғой...
Роза апай не дерін білмей  іркіліп қалды.
Арай: - Менің бір түсінбейтінім, мамамда әке дейді, мағанда әке дегізеді сонда Асан атам əжеме де,  мамама да үйленген бе? Мамам екеуміздің әкеміз біреу ме?
Роза апай  Арайдан мұндай сөзді күтпегендіктен  қатты сасып, оның сұрағына өзі ұялып қалды. Дауысы дірілдей шығып: 
- Ботақаным,  сен маған тек шыныңызды айтыңызшы дедің ғой. Иə Асан ол сенің атаң,  ал сенің əкең алыста, жұмыс істеп қолы босамай жүр.деді
 Арай қатты қуана: - Бəсе мен білдім ғой, өзімнің атамнан бөлек əкемнің барын. Мен оны қатты сағындым..ең болмағанда бір рет көргім келеді...сізге үлкен рахмет! Алақай, менің əкем бар деп көшені басына көтере айқай салып үйіне қарай жүгіре жөнелді...
Роза апай бұл оқиғаға күуə болғанына қатты қынжылып, жүрегі ызаға булығып, көз жасын сүрте үйіне кіріп кетті...
Ертеңіне Арай Роза апайдың есігін қақты. Есік ашылғаны сол еді,  Арай:  Роза əпке кеше мен түнде түс көрдім,  түсімде əкем алыста жүр екен. Мен оны сағынып шақырып ем,  ол көп ойыншық алып маған келе жатыр екен.  Мен енді əкемнің алдынан жүгіре беріп ем оянып кеттім...Айтыңызшы,  ол түсімдегідей маған ойыншық алып келеді ғой иə? " деді. 
Роза апай- əрине келеді, сен анаңа айт əкеме телефон шалып келсін десін де деп шығарып салады....
Кейін  Роза апай көршілерінен:  Арай ата-əжесіне қаладағы анасына телефон шалып,  əкесін шақыруды өтінеді екен. Əжесі күніге бір сылтауды айтып немересіне жауап айтпайды екен... дегенді естіп, біреудің отбасына араласуым дұрыс болмады деп өзін кінəлі санады..
 Бірақ Арайдың əжесі оның анасының  шаңырағының шайқалуына да осы əжесінің себебі бар еді...Болмашы нəрсеге бола қайтып калген қызын қайтарудың орнына, қызымен қосылып іздеп келген  күйеубаласын қуумен болған..Немересін алдыртып тастады, енді қызыммен ортақ ешнарсең жоқ деп құдаларының бетін де қайтарып тастаған осы əжесі еді... Олар қанша сенбей келсе де немересін тығып, оның жоқ екеніне құдаларының көзін жеткізген болатын.. Енді міне күн сайын немересі əжесінен əкесі жайлы сұрап мазасын алуда... Кім кінəлі??
Нұрсәуле ӘлімжанНұрсәуле Әлімжан
8 жыл бұрын 8598
5 пікір
  • BQ
    Астагфирулла, Акырзаман жакындаганы ма, ким билесин, бирак сонгы кезде осындай ата-аналар кобейип кеткен. Кайдан келген бул тарбие, ненин ыкпалы??? Кызынын немесе баласынын тарбиеси о баста дурыс болмаганын иштей сезип, отбасында да, тиршиликтеде де ештенкеге икеми болмайтынын билип, одан кала берсе озинин берген тарбиесиде алыска бармайтын билседе, иштей мойындап немесе тонмойын болып мойындамай отыра беретин ата-аналардан дал осындай урпак шыгатынын байкадым. Немесе омиринде ози, ата-анасы бир пендеге киянаты тиген. Бала ости, оган жонин айтудын орнына, онын биологиялык тегин жасырып, олай емес булай деп жалган малимет берип омирде улкен адастыруга ушырап жатады. Кезинде, осындай окигага уксас окига орын алып, аке мен Туган кызынын ойнас болуына акеп согып, акырында акенин озине кол жумсауына акеп сокканын окыганым бар. Ал мундайлар елимизде каншама, ертен ер жетип, бой жетип калган ага мен карындас бирге шанырак курмасына Ким кепил? Алла сактасын!!! Менин ойымша, тагдыр калай болмасын, бала озинин шыккан тегин, акесин, бауырларын билуге кукылы, булай етпесе ертен омирде, Кияметте Алланын алдында улкен кеширилмес куна болып журмесин. Акикат аркашанда айтылуы тиис. Осындай олкылыктарга жол бермейик, бауырлар.
    8 жыл бұрын
  • Дұрыс айтасыз. Балалар туыстарын, тектерін біліп өсу керек. Ал мына оқиғадағы ана мен қызы ақымақтық жасап отыр. Осындай әйелдерді түсінбеймін. Дәм-тұзы жараспаса балада не кінә?
    8 жыл бұрын
  • Бірақ балаларынан безетін әкелер де баршылық.
    8 жыл бұрын
  • бұл оқиға көршімнің оқиғасы.. кішкентай қызы əкесін таныстарынан сұрай беретін көрінеді... Роза апайға шынымен атам мамама да əжеме де үйленген бе деген сұрақ қойған.... Астафируллаһ осы ажырасып үйінде босанған əйелдер баласына өзінің тегін қойып жатады сонда оларда намыс жоқ па? есі кіре осындай сұрақтар туындайтынын білмей ме? өте ұят нəрсе....
    Пайғамбарымыз (с.а.у) баларды өз тегімен атаңдар дегенін неге амалға асырмайды... бұның барлығы діннен бейхабар өскендіктен....
    8 жыл бұрын
    • BQ
      Ертен Киямет куни Адам озинин акесинин атымен шакырылады деген тагы да бар. Осы такырыпты окып отырып, шыныменде биз, казактар Абылай хан бабамыздын тусинде корген курт-кумырска, бака-шаянга айналып кеткен жокпыз ба? Алла сактасын!
      8 жыл бұрын
Блог туралы