Бақыт деген не?
Бақыт деген не?

Күздің қоңыр салқын күндерінің бірінде Қазақ мемлекеттік қыздар педаго­гикалық университетімде жазушы, дра­матург, Қазақстан Респуб­ликасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Мәдениет» республикалық мә­дени-сарап­тамалық журналының бас редакторы Дулат Исабековпен кездесу болып өтті. Бұл кездесу барысында сыршыл жазушының айтқан мына бір оқиғасы маған ерекше әсер етті. Оның барысы былай болды: Дулат ағаның 2 қабатты қала сыртындағы саяжайы бар екен. Бір күні сол саяжайының жанына Қытайдан қандасымыз көшіп келген екен. Оның тұратын үйі небары  екі ғана бөлмелі болыпты. Ал, ол үйде бас аяғы он адам тұрады екен. Көшіп келген қандасымыздың екі әйелі және солардан туылған 7 бала бар екен. Балаларының үлкендері үнемі Дулат ағаның 2 қабатты үйіне қатты қызығады екен. Бір күні сол үйдің үлкен баласы: "Шіркін, осы үйде біз тұрғанымызда ғой! Үйдің ішін әктеп, тазалауды өзім істейтін едім. Аға, мен болсам бәрімізге түскі және кешкі асты өзім жасап берер едім деп қарындасы қосылыпты... Бұл үйге бәріміз сыйып, бақытты болып тұрар едік! " деген сөздерін сыршыл жазушы Дулат аға естіп қалыпты. Содан осы үйді осы көршіме берсем, мына балақайлар бір қуанып қалар еді деген ой туыпты.  Көп созбай Дулат Исабеков ағамыз үйдің құжаттарын сол күні дайындап, ертеңіне көршісіне беруді ойлайды. Ізгі іс жасамақ болған ниеті өзіне ерекше ұнап, таң атпай көршісінің есігін қағады. Есікті бәйбіше ашады. Отағасы үйде ме? деген сұраққа қысылыңқырап: "Ол кісі бала-шағаның қамымен жұмыс жасауға кетіп еді, кешке келеді."дейді. Есіктің ар жағынан қарап тұрған  кешегі армандап сөйлеген осы үйдің үлкен ұлы мен қызының жүзінде үміт оты жылт еткендері білініп тұр. Дулат аға кешке келермін деп кетіп қалады. Тағатсыздана күткен кеші де таяды. Қаладағы үйінен асығыс шығып, таудағы көршісінің үйінің есігін қағады. Есікті тағы да бәйбіше ашып, күлімсіреп үйге кіруін өтінеді. Отағасы жұмыстан шаршап келіп, мызғып кеткен екен. Дулат аға үй ішіне көз жүгіртсе: ескіліктен тозы шыққан жертөлеге ұқсас үй екен. Бала-шаға көрші бөлменің есігінен сығалап, жаутаңдап тұр екен. Драматург Дулат ағаның жүрегі езіліп сала беріп, келген мәселесін ашық айтып сала береді. Сол-ақ екен бала-шағаның қуанған үндері шықты. Отағасы рахметін айтып, бірақ керек емес деп бас тартады. Дулат аға балаларыңа менің берген сыйлығым болсын деп әзер дегенде көндіреді. Көрші бөлмеден балаларының қуанышты дауысы бұл дүниедегі бар дауыстан артық болды дейді. Сол кезден бастап Дулат аға өзіне: "Бақыт деген не?" деп сұрақ қойыпты. Егер әйеліме осы үйде  тұрасың десем: "Дүниедегі ең сорлы адам мен екенмін дейтін шығар, өйткені бұл үйде суы да, газы да жоқ. Ал, бұларға ол маңызды емес, басты барлығы сыйып, бір шаңырақтың астында бірге тұру үлкен бақыт! " Міне әркімде бақыт әртүрлі болады деген осы!

Нұрсәуле ӘлімжанНұрсәуле Әлімжан
9 жыл бұрын 12776
9 пікір
  • Bakyt. Basymizda.
    9 жыл бұрын
  • Бақыт деген - әркімдерде бір арман,
    Сол арманның шыққан жері құмардан.
    Ал сен үшін бақыт деген - дәл қазір,
    Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң- деген екен Мұқағали атамыз!

    9 жыл бұрын
  • "Бақыт деген не өзі" деп бастады топ таласты.
    Бірі оны үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.
    Бірі айтады: бақыт деген барлық байлық емес пе,
    Керегінше киіп ішсең бақыттысың де емес пе?
    Бірі айтады: жоқ, бақыт деген қолың жетпес маңсап қой,
    Жұрттан көрі жүрсен ирек, соның өзі жақсы атты ғой.
    Бірі айтады: бақыт деген, бақыт деген,
    жүйрік мініп, той тойлау,
    Ісің болмай күйбеменен,
    қарын тойса қарт ойнау.
    Бірі айтады: бақыт деген адал жар мен перзент қой,
    Ынтымаққа ырыс келген ол да соған ермек қой.
    Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым.
    Бақыт адам баласына келмес оңай, соңы ұқтым.
    Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да,
    Маңсап жетпес бар адамға үйлестіріп алғанда,
    Үміт үзбей іздейді олар, таңдап сол бір жақұтты,
    Оңы алыстан іздемегін, жүректен тап - бақытты
    М. Мақатаев
    9 жыл бұрын
  • Мұқағали ақын нағыз бақыттың жүректің тынышығымен болатынын "Оны алыстан іздемегін, жүректен тап бақытты" - деп бірауыз сөзбен қалай əдемі жеткізе. Құранда: "Біліп қойыңдар! Жүректер тек Алланы тапқанда ғана жай табады" - делінген емес пе?
    9 жыл бұрын
  • Мектепте оқып жүрген кезімізде, "Бақыт деген не?" деген сұраққа: "Бақыт деген - Бақыт ағай" - деп жауап беруші едік. Сол есіме түсіп кетті)).))). Бақыт есімді еңбек пәнінің мұғалімі бар еді. өзі жақсы суретші.
    9 жыл бұрын
  • Керемет! Бақыт деген мен үшін қанағатта, қалмасаң болды мына өмірде жаман атқа.Ал, ең ұлы бақыт Алланы танып, шынайы қорқа білу.
    9 жыл бұрын
  • Жаксы екен. Бирак жанагы уйди берди ма, бермепти ма?
    9 жыл бұрын
  • Берді! Ол кісілер қазір де сол үйде тұрып жатыр....
    9 жыл бұрын
Блог туралы