Әлсіз әкелер көбеюде....
Әлсіз әкелер көбеюде....

Ассалаумағалейку жамағат! Осы күндері теледидар мен ғаламтор жаңалықтарынан жалғыз басты көпбалалы аналардың мұқтаж екендерін айтып жатады. Олардың тағдырына үңілсек мұндай күйге  түскеніне балаларының біреуінің  ауруға ұшырауына,несиелерін төлей алмағандықтан, енді кейбірі баспанасыз қалғандықтан күйеулері  тастап кеткендігін білеміз. Неткен әлсіз әке, неткен жауапсыз жар олар? Басына қиындық түссе оп-оңай бәрін тастап қалай кетіп қалатынын түсінбеймін? Ахиретте отбасының асыраушысы ретінде есеп беретінін білмей ме? 

Студент кезімде мүмкіндігі шектеулі балалар үйіне практикаға жиі баратынмын. Ата-аналармен бірге жұмыс жасайтын кездерімде болатын. Сонда бұл баланың әкесі қайда? деген сұраққа көп аналар:"Ол баламызға осындай диагноз қойған соң, тастап кетті"(ажырасып кетті) деп  жауап қататын.  Мүмкіндігі шектеулі болған соң бұл балалардың көбі мейірімге мұқтаж,күліп қараған адамға тез бауыр басатын, өте сезімтал келеді. Сондай жүрегі нәзік балаларының айығуына көмектеспей сүйіп қосылған жарларын, 9 ай 9 күн күткен тұңғыштарын сол бір диагнозына байланысты  оп-оңай тастап кететін жігерсіз әкелер көңілге ашу келтіреді...

Міне биыл Астана қаласына қарасты мүмкіндігі шектеулі  балаларды оңалту орталығында жұмыс жасаймын. Мұнда да сол жалғызбасты аналармен бірге мұңдасамын. Олардың балаларын емдетуге апармаған жерлері қалмағанын білгенде жүрегім қарс айырыла жаздайды...

Аян дейтін 7 жасар оқушым бар. Диагнозы ДЦП (баланың церебральді салдануы). Анасы барлық сабаққа өзі әкеледі. Боран болсын, аяз болсын емдік сабақтарынан қалдырмайды. Аянның сүйеніп жүргені мен аздап сөйлегенде қиналғаны болмаса сау балаға ұқсайды. Анасынан баласының сөздік қоры жақсарып келе жатқанын айтқанымда , ол кісі баласын мен көргендей жағдайға енді ғана жеткенін айтқанда, мен таң қалдым. Сөйтсем, Аян туыларда босану қиынғанға соғып,  акушерлер шақалақтың аяқ-қолынан   барынша тартып, әрең туылыпты. Сол тартқан қолдары мен аяқтары бірден тартылып, осындай жағдайға түсіпті. Баласы 3 жасқа келгенде сөйлемек түгілі, ымдамайтын да дейді. Әкесі болса сол диагноз қойылған күні-ақ тастап кетіпті. Жалғыз басты ана ауру баласымен өз ата-анасының үйінде тұрып, баласын емдету үшін бір жыл аяққа тұрмай жұмыс жасапты. Өзі бұрыннан әуежайда кассир болғандықтан, сол жұмыстың тағы бір смені мен еден жуу жұмыстарын жалғыз өзі қолына алып, күндіз-түні жұмыс жасапты. Сол тапқан ақшасымен баласын көптеген емдеу орталықтарына апарып, 17 мәрте ота жасатып, осындай күйге жеткізіпті. Қазір Аян күннен күнге жақсарып келеді. Ақпан айы басталғаннан кезекті емдеу ауруханасына 20 күнге жатуға кетті. Ин ша АЛЛАһ Аян көп ұзамай ауруынан айығып кететініне сенемін! Аянның анасы  нәзік жанды бола тұра тау көтеретін ерлерден артық ерліктерге баратын осындай аналарымызға АЛЛАһ разы болсын!

Сөзімді қорытындылай келе, байғұс ана бәріне көнеді, баласының айғуы үшін қолынан келетін бар шараны жасайды. АЛЛАдан баласының айығуын тілеп түнімен ұйықтамайтын кездері де көп! Дегенмен әйел адамға қорған керек, жылулық керек. Сол жылулықты сыйлайтын, қамқор болатын ер азаматтарымыз әлсіз болып, осы жолда  құлап жатыр....

Нұрсәуле ӘлімжанНұрсәуле Әлімжан
8 жыл бұрын 9632
6 пікір
  • Alla balasina saulik bersin!
    8 жыл бұрын
  • Әмин
    8 жыл бұрын
  • Иә қиын жағдай. Ондайларды еркек емес ез дейді. Құдай басқа салмасын мұндай сынақты.
    8 жыл бұрын
  • Өкінішке орай біздің қоғамның бірден-бір дерті...
    8 жыл бұрын
  • Сабидин бари бакытты болуы ушин жаралган...
    8 жыл бұрын
  • ИЯ,олар білмейді ахиретте есеп беретінін,мүмкін білгісі келмейтіндер де болар ішінде,себебі олардың ішінде кәпірлер,пасықтар,залымдар,мүшріктер тағы басқалары бар ғой.Бірақ менің ойым және қәзіргі жағдай солай да,бұл адамдардың,исі мұсылмандардың діни сауатсыздығы,немқұрайлылығы,бұл мәселеге бейжайлығы.Солардың барлығы Жәннәттән дәмелі сұрасаң,олар түгілі мүшріктердің де дәмесі болды ғой Жұмақтан,бірақ олар қайдан білсін Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.а.с)былай деп айтқанын:"Отбасындағы қолына қарап отырған әйелімен балдарының қамын жасамау,ер адамның бір басына күнә ретінде жеткілікті",яғни бұл не деген сөз?Ол-Тозақ деген сөз.Қазіргі дінсіз қоғамда,қараңғы қоғамда оның балаларымен тастап кеткен әйелін кім алады тұрмысқа,жап-жас етегі ашылмаған қыздарды алдап кетіп,тұрмысқа алмай жатқанда!!!???
    8 жыл бұрын
Блог туралы