Бір отбасын бұзған жезде...
Бір отбасын бұзған жезде...

«Бұл өмірде өлімнен басқасының бәріне асығу керек» - деген қағиданы ұстанатын әкем, үлкен ағамның жасы 20-дан аса бастағаннан оған жар іздеуге кірісті. Іздеуі ұзаққа созылды. Ағам 26 жасқа да толып қалды. Әкешім барған жерінде қыз іздеумен болды. Ағам өзі 5 уақыт намазын үзбейтін, жұмысына уақытылы барып келетін, момын ғана жігіт болды. Болашақ жарын әкешім тауып беремін дегенде бірауыздан келісіп, өзі де әкешіммен іздей бастады. Бұйырған кетпес дегендей әкешім әрең дегенде Жетісай деген жақтың бір қызын табады. Қыз – мектеп бітіргеніне 3 жыл болыпты, оқуға түсе алмағандықтан үйінде ата-анасына көмектесіп отырады екен. Қыздың ата-анасының да арманы қыздарының жақсы жерге барып, өз түтінін өзі түтетіп кетсе болғаны екен. Ортадағы жеңгетайымыз сол қызды ұсынған соң, әкешім болашақ  құдалары туралы жан-жақты сұрастыра бастайды. Болашақ құдаларын барлық таныстары бірауыздан өте момын, қарапайым кісілер екенін айтады. Мұны естіген әкем іздегенін енді тапқандай бірден құда түсу қамын жеңгетайға тапсырады. Барлығы бірауыздан келісіліп 2015 жылдың Рамазан айына дейін қызға бірден сырға салып, алып келу келісіледі. Жаз шығып, біздің үй келін түсіру қамына кірісіп кеттік. Қызды алып келуге 1 ай қалғанда, болашақ момын деген құдамыз біз құда түскен қызын  өзінің жолдас баласының ұлына беруге атастырып қойыпты деген сыбысты естідік. Соның анығын білуге алыстан ат басын тартып барсақ, қызын ұзатып та жіберіпті. Әкешім көп нәрсеге ренжи бермейді, Содан болар бұйырмаған осы екен дей беріп еді, ортадағы жеңгетай сол үйдің былтыр мектеп бітіріп, оқуға түсе алмай отырған екінші қызы бар, қаласаңыз соны көріп, атастырып кетейік деді. Әкешім оғанда көніп екінші қызын сол бұрын белгіліген уақытта алып кететінін айтып келісіп қайтты.

Белгілеген уақытымыз жетіп, қызды үйге де әкеліп түсірдік. Келініміз бәрімізге ұнады. Сәлемін салып, барлық өзіне жүктелген жұмыстарды орындап жүрді. Ата-енесін сыйлағанын көргенде көзімнен жас шығып кететін. Өйткені ата-анамды осындай жақсы адамға тапсырып кету менің бір міндетімдей болды. Бір күні ағамыздың намаз оқитынын  естіген бір туыс әпкесі біздің үйден шошынып, қызымыз қандай жерге барған деп телефон шалып дау бастады. Келін өзім түсіндірем деп телефонмен түсіндіріп жатты. Біз бұл әрекетке түсінбедік. Кейіннен жеңгем: «Біздің Жетісайлықтар намаз оқитындарды түсіне бермейді, бәріне шошынып қарайды, менің ата-анам түсіністікпен қарады, ал басқа туыстар  түсінбегендіктен жақтырмады» деді. Мен төбемнен жай түскендей  шошынып қалдым. Әкешім ауыл имамы екенін білді, көрді енді неге олай шу шығарады деп таң қалдым...

Мен жеңгем үйге келін болып түскелі қолынан телефоны түспейтінін байқайтынмын. Алайда алыстағы анасын сағынған шығар деп мән бермейтінмін. Бір күні жеңгем телефон тұтқасын қойып, маған  мәз болып:  «менен алдын сіздер алам деген әпкемнің күйеуі ғой хабарласқан, сіздер әпкеме құда түскен соң ол әпкем де тұрмыс құрам деп мәз болып дайындалып жүретін. Бір күні көп уақыт көрмеген әкемнің досы келіп, әпкемді достығымыз үшін балама үлкен қызыңды  бер деп  өтініп қоймады. Әкем оны ұзатуға келісіп қойып едім десе де досы қоймады. Ақыры олар бірден сырға салып әкетеміз деген екен, бізді алып қашты дей саларсың деп қоярда қоймай әпкемді баласына атастырып кетті деді. Содан әпкеме күніге болашақ жары телефон шалатын, әпкем онымен сөйлескісі келмей бар ойы осы жақ болатын. Бір күні қоймай хабарласқан соң телефонды әпкем маған беріп, менің орныма сен сөйлесе салшы деді. Содан бері екеуміз жақсы сөйлесіп кеттік деді. Жездем бізді қосқан балдызым деп мені мақтайды да жүреді» деді. Мен бұл әрекетті ұнатпай қарап, сабырлы түрде: жеңге, ағам екеуіңіздің қосылғандарыңызға небары 2 ай болды. Ағам бұл қылығыңды білсе ренжиді. Сол үшін енді тек әпкеңмен ғана сөйлесіп, жездеңмен сөйлеспе. Шариғатта қыз тек күйеуінің рұқсатымен ғана бөтен адамдармен сөйлесе алады. Сондықтан жезде дегенді ағам естімесін, ол естісе ашуланады дедім. Ол үндемей қалды...

Мен ұзатылып кеткен соң ата-анам ағамның тойын қазан айына белгілеп  қызу дайындалып жатты.  Құдаларымызға қызды өзіміз оқытамыз деп уәде беріп едік. Рамазан айы өткен соң, анашым келіннің құжаттарын жинап, өзінің қалауы бойынша  медбикелік оқуға тапсырды. Әкешім тойханамен, анашым той көйлегімен әлек болып жүргенде, ағамыз бен келін бір-бірімен жиі ұрсатынын байқадық. Анығын білуге қанша тырыссақ та біле алмадық... Мен телефонмен анама жаздағы жеңгенің жездесімен телефонмен көп сөйлесетінін айтып, соны ағам біліп ұрсып жүрген жоқ па деп байқаңызшы деп едім, артынша бар ұрыс содан болғанын білдік. Жеңгеміз тіптен ағамның көзінше жездесімен сөйлесуді шығарыпты. Әпкем хабарласып жатыр деп, күн ұзақ жездесімен сөйлеседі екен. Ағам соны байқап сөйлесуді азайт деп ескертіпті, бірақ жеңгем әдетін тастай алмапты. Анашым бұл жағдайды шешу үшін келіннің анасына хабарласып жағдайды айтыпты. Алайда анасы: Ол күйеубалам мінезі ашық өте жақсы бала, келіндерініздің туған ағасындай болып кеткен, онымен сөйлессе сөйлесе берсін, соны да тиясыздар ма? деп намазхандар үшін бәрі болмайды дегендей бізді бір діни ағымдағы адамдардай көріп сөйлеп кетіпті. Анашым құдағиынан түк шықпаған соң келінді шақырып бұл әрекетінің дұрыс емес екенін айтыпты. Келін: « екеуміз оған бола ұрсып жүрген жоқпыз, ол кісі маған әлеуметтік желіде отырма деп тыйым салуда,  мені ешкіммен сөйлеспей, ешкіммен араласпаса дейді ол» депті. Анашым болса тұрмысқа шыққан соң қыз баланың өмірі осындай болады, күйеуінің рұқсатымен ғана жүреді, өзіңді осындайға бейімдей бер.. Жайлап-жайлап үйренесің... Оның барлық тыйымдарын бір-біреулеп тастап, өзіңді үйрет деп ақыл айтыпты... Алайда келінге енесі айтқан ақылда жақпай әдетінен таймайды... Бір күні әкешім бөлмесінде жұмаға дайындалып отырса, телефон шырылдапты қараса келіннің қалта телефоны екен, әкешім телефонды алып қараса «Арман жезде» деген хабарласып жатыр екен. Әкешім әпкесі болар, ең болмағанда осы қызға айтайын келінді күйеуімен көп сөйлестіре бермесін деп телефон тұтқасын алса, әпкесі емес жездесі екен. АЛЛО? Жаным? Деген сөзді естіген соң әкешім ұрсып беріпті! Сен бала отбасың бар неге отбасылы әйелге хабарласа бересің? Ұят қайда? Сені кім тәрбиелеген? Қыздарымының ағасы да қарындастарына бұлай жиі хабарласпайды. Осы телефонның кесірінен бір шаңырақты құртайын деп отырсың ғой сен десе телефон тұтқасын өшіріп тастапты... Кешке қарай келін алай-дүлей болып ағаммен ұрсып жүр екен. Жездемнен кешірім сұра, ол тойымызға келмейміз деп жатыр деп ағама дауыс көтеріп жатыр екен... Ағам: неге кешірім сұрайды екем, қайта  ол өз ісіне ұялсын деп далаға шығып кетіпті....

Осыдан кейін ертеңіне таң ертең анашым мал жайғап келінді іздесе ол үйден кетіп қалыпты... Дереу ағамды артынан жіберсе автобусқа мінейін деп тұр екен, қанша тоқтатқысы келсе де келін алған бетінен қайтпапты... Сонымен ағамның енесі хабарласып ағама: Балам, қызым үйді сағынған ғой, ашуын басып өзім қайтарамын, қазір сен жібере бер депті. Үлкен  кісі уәде берген соң ағам көніпті...

Келініміз содан бері үйге оралмады... Анасына уәдеңіз қайда десе телефонмен ұрсып береді. Артынан алып қайтуға барса да бүкіл отбасы болып қыздарын қайтарымыз деп жалған тағы уәде берді...Сонымен  болмашы нәрсеге бола кетіп отырған қыздарын қайтаруға асықпаған отбасы тіпті күшейіп, қызымыз қайтпайды келе бермеңдер деп тыйым жасады. Жездесімен сөйлесе береді дегенге отбасы ұят санамай керісінше ағасымен сөйлестірмеді деп бізді айыптап ағамның шаңырағы щайқалды.... Сағы сынған ағам, дүниеге әлі келмеген жеңгемнің құрсағындағы бала тірі жетім болып қала берді....

Сөз соңында айтарым, дін жоқ жерден ешнәрсе өнбейді екен. Ислам бар жерде ұят бар, ұят бар жерде береке бар! АЛЛАһым баршамызға жар болсын!

 

Нұрсәуле ӘлімжанНұрсәуле Әлімжан
9 лет назад 10359
7 комментариев
  • Әйелде ақыл болмаса қиын ғой...
    9 лет назад
  • Қиын болған екен. Барған жеріңе тастай бат, судай сің. Отымен кір, күлімен шық дейтұғын атан-аналар қайда қазір.
    9 лет назад
  • Баяғыда үйге күйеуіңмен келесің болмаса өлігің келеді деген ата-ананың қызына қоятын қағидасы бар болатын...
    9 лет назад
  • Тзақ бар. Тозақтың жан азаптар оты бар. Тұңғыйығы терең түбі бар. Одан әйелді Алланың рақымымен намазы, оразасы, қорғалған абыройы және күйеуінің махаббаты (разылығы) құтқарады. Сақтаныңыздар, құрметті әйелдер қауымы.
    9 лет назад
  • Тозақ бар. Тозақтың жан азаптар оты бар. Тұңғыйығы терең түбі бар. Одан әйелді Алланың рақымымен намазы, оразасы, қорғалған абыройы және күйеуінің махаббаты (разылығы) құтқарады. Сақтаныңыздар, құрметті әйелдер қауымы.
    9 лет назад
  • Келін адалынан болсын деп апам жиі айтатын.
    9 лет назад
О блоге