Айдана Алматыдағы "Қағанат" атты асхананың бірінде отырған болатын. Университетте бір курс жоғары оқитын баланы көріп қалды. Алмас танысын көрген соң бірден Айдананың жанына келді. Екеуі хал сұрасып болған соң, Алмас Айданаға бедірейе басындағы орамалына қарады. Бұрынғы әдетінше: "Айдана сен 1-курсқа түскеніңде-ақ хиджабпен жүретініңді ұнатпайтынмын, саған ағалық кеңесім: бұлай оранып жүру қазіргі қоғамға жараспайды, әлі жап-жассың өмірің алда, хиджабсыз-ақ жүре берші"-деді. Айдана хиджабтың парыз екенін, оны алтын ұсынса да шешпейтінін айтып қанша түсіндірсе де Алмас айтқанынан қайтпай қойды. Алмас енді ақыл айту емес, қасарысып ұрысуға көшті. Сол-ақ екен, көрші столда отырған орыс жігіт бұлардың жанына келіп сөзге араласты. Ол Алмасқа: Бауырым, сен мұсылман бола тұра қалайша өз бауырыңды, яғни мұсылман қарындасыңа бұлай дөрекі сөйлейсің? Дауласып жатқаның хиджаб мәселесі болса, онда сен шынайы мұсылмандардың қартарынан емес екеніңді байқадым. Өйткені "НҰР" сүресі 31-ші аяттағы анық АЛЛАһ бұйрығын оқи отыра ол бұйрықты орындамау мұсылман қыздарға жараспайды. Бұл қарындасымыз АЛЛАһ бұйрығын орындағанына қарсылық білдіруің қалай? Әлде сен, "Білме, білгеннің тілін алма" деген қырсыңтансыз ба? Менің ұлтым - орыс, дінім - ислам! Бұл қыз менің де дін-қарындасым! Менің бауырыма жаным ашығандықтан, сендердің сөздеріңе араластым. Орыс жігіттен мұндай жауап күтпеген Алмас, не істерін білмей сасып қалды. Бірақ артынша хиджабқа қарсы пікірін қайта айтып, бүкіл орамалдағы қыздарды жазғырып сөйлеп тастады. Орыс жігіт орнынан атып тұрып: Бауырым, сен өз бауырларыңды қорлай отырып, қалайша өз ісім дұрыс дейсің? Білмесеңдер білім иелерінен сұраңдар деген, ендеше дауласа бермей, кез-келген мешіттегі имамдардан бұның шешімін сұра, шамаң жетсе өзің зертте! Аз да болса мұсылмандығың болса, онда мына қарындастың мазасын ала-бермей жөніңе кет! Алмас ашулы көзбен екеуіне бір қарап, кетіп қалды. Айдана бұл орыс жігітіне риза болса да, іштегі ұяты жібермей рахметті әрең айтып, орнынан қозғала бергенде, орыс жігіті: Қалындасым, уайымдама! АЛЛАһ сенің әр ісіңді біледі және әрдайым өзі жәрдем етеді. Бұл бауырымыздың тура жолға тусуіне дұға етейік! Сендей қыздар барда қоғам бұзылмайды, керісінше жөнделеді! Саған АЛЛАһ разы болсын!-деп шығарып салды!
P.S. Құрбымның басынан өткен оқиғасы болатын....