Өлген ит неге мазалауда?
Өлген ит неге мазалауда?

Ит жеті қазынаның бірі, адамның адал досы дейміз! Расымен де иттің адамзатқа пайдасы көп! Әсіресе есіктерін құлыптап жүруді әдетке айналдыра алмай жүрген ауыл адамдары үшін иттің көмегі зор!

Көрші Жаңыл апай жесір қалғалы жалғыз немересін қолына алып үлкен қара шаңырақта тұруда. Жаңыл апайдың үйінде қазақы тазы иті Құтжол бар болатын. Жұбайы Заман ағай тірі кезінде Құтжолға өзі қарап, тамағына дейін өзі беретін. Енді Құтжолдың күтімі Жаңыл апайға қалды. Өзі араққа әуес Жаңыл апай ит түгілі немересіне әзер қарайтын.

Қысқы семестрдегі демалыста ауылға барғанымда, көшедегі балақайлардан Жаңыл апай түнде ұйықтамайды, көзін жұмса болды ит көре береді екен деген сөздерді естідім. Оның мәнісін анамнан сұрадым. Сөйтсем, Жаңыл апай Құтжолға қараудан жалығып, ит атқыштарға атқызбақшы болыпты. Олар мұндай  қазақы итті атуға қимай, «асырайтын адамдарға бергеніңіз дұрыс болар» деп атпай кетіпті. Содан Жаңыл апай әсіресе араққа тоя ішкенінде итін таспен ұрып, қорлайды екен. Ал сау кезінде иттен құтылудың неше түрлі әдісін жасаудан шаршамапты. Бір жолы атжалманға беретін уды Құтжолдың тамағына қосып беріпті, бірақ Құтжол қиналып жүрседе ол удан да аман қалыпты. Содан жауыздыққа бет бұрған Жаңыл апай Құтжолдың тамағына ине қосады. Ит ол тамақты ішкен соң, бір аптадай қыңсылап жүріп өліпті.

Құтжол өлген соң, оның өлгеніне мәз болған Жаңыл апай арағын ішіп ұйықтаған екен.  Міне сол күннен бастап Жаңыл апай түсінде қыңсылаған итті, өзіне атыла үріп жатқан бірнеше Құтжолды көреді екен. Содан бері бірнеше ай өтседе Жаңыл апай  осы түсті ғана көріп, денесіне ине тығылғандай болып, содан шошып оянады екен...

Нұрсәуле ӘлімжанНұрсәуле Әлімжан
2 года назад 1037
3 комментария
  • Мына дүниедегі жазасы ғой. Ал ана дүниедегісі ше?
    2 года назад
  • Иә! Дұрыс айтасыз! Өзіңіздің уағызыңызда айтқаныңыздай:"Жүректен мейірімділік кеткен кеткендегі әрекет " осы емес пе?
    2 года назад
  • Егесі ретінде жақсылап қарасаң, саған иттен артық ешкім адал бола алмайды. Әрине, үй жануарларының ішінде )
    2 года назад