Арақ сұраушы апа
Арақ сұраушы апа

Бүгін сағат 10шамасында азық-түлік сататын  дүкенге кірген бетім. Жас шамасы 60қа тақаған, басында əжелерге сай тағып алған орамалы бар бір апа сатушының алдында тұр екен. Ол кісі алатынын алып болсын деп күтіп тұрсам, ол кісі сатушы орыс əйелге 0,5литрдегі ең кішкентай арақ бар ма деп тұр екен. Сатушы: "сіз сұраған арақ бар, бірақ сағат түскі 12ден кейін ғана сатамын, оған дейін рұқсат емес" деді. Сонда жаңағы апа: "неге өзіңше болып тұрсың, жасы 18-ден асқандардың бəріне сатуыңа рұқсат қой, жоқ заңды айтпай сұрағанымды бер"-деді. Сатушы болса: "Сіз үшін мен заңнан аттап кете алмаймын! Бұл заң жаңа шыққан жоқ,  бұрыннан бар. Сенбесеңіз əкімшіліктен, прокуратурадан тіпті кез-келген заңды білетін адамнан сұраңыз" деді. Əлгі апа қатты ашуланып,  сатушы əйелге айтпағаны қалмай, əбден тіл тигізіп дүкеннен шығып кетті. Сатушы Таня маған қарап: "У вас же священный месяц же! как ей не стыдно! Даже мне стыдно продовать спиртное в этом месяце мусульманом" деп қатты қобалжып кетті...

Рас, қасиетті айда шайтанның суын сұраған бұл қандай мұсылман?  мен сатушыға: "Тек аты мұсылман, заты мұсылмандардан емес кісі ғой" деп басу айтып, керегімді алып шығып кеттім...

Нұрсәуле ӘлімжанНұрсәуле Әлімжан
2 жыл бұрын 1853
2 пікір
Блог туралы